Аудан әкімі Абай Құнанбайұлының өлеңін оқыды

Жарияланды: 24 қаңтар, 2020 10:51

Фейсбук әлеуметтік желісінде Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемовтің ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңін оқыған видеосы жарияланды. Видеода аудан басшысы данышпан ақынның «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңін оқыған. «Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие болды. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовтың бізге жолдаған эстафетасын зор ықыласпен қабыл алып, ақынның «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңін оқымақпын» , – деген аудан әкімі өлеңді оқығаннан кейін игі бастаманы жалғастыруды Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Ахетов Мамай Қаниұлына, айтыскер ақын, «Сырдария адуанының Құрметті азаматы» Нұрмат Мансұрға, орынбасарларына, Тереңөзек кентінің және ауылдық округтердің әкімдеріне жолдаған. Айта кету керек, биыл елімізде ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Еліміз егемендік алған жылдардан бастап Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы тереңірек зерттеліп, ақынның көптеген кітаптары жарыққа шықты.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 10

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты