АУДАН ӘКІМІ №131 Т.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды: 01 қыркүйек, 2019 13:22

 Бүгін аудан әкімі Р.Рүстемов Тереңөзек кентіндегі №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде болып, алғашқы қоңырау салтанатына қатысты. "1 қыркүйек – Білім күніне" арналған шараға мектеп әкімшілігі, ата-аналар, оқушылар, ардагерлер және БАҚ өкілдері құрметті мейман ретінде шақырылды.

Салтанатты іс-шара басталмас бұрын аудан басшысы Т.Қозыбаевтың ата-анасымен бірге батыр ұлдың ескерткіш-бюстіне тағзым етіп, гүл шоғын қойды. Мұнан кейін ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды және аудан әкімі Р.Рүстемов жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

– «Білім күні» барлық азаматтар үшін қуанышты мереке. Өйткені, қыркүйектің алғашқы күнінде көңілі ақ, ниеті пәк бүлдіршіндер қолға қалам алып, әліппе ашып, мектеп табалдырығын аттаса, жалпы оқушылар қауымы жаңа оқу жылына қадам басады. Сонымен бірге, ұлағатты ұстаздар елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу секілді жауапты міндеттерден тұратын абыройлы жұмыстарына кіріседі. Сондықтан бәріміз жаңа оқу жылының басталуын асыға күтеміз. Аудан ұстаздарының қажырлы еңбегінің арқасында мектеп бітіруші түлектеріміз жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап келеді. «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерінің қатары да жыл санап артуда. Алдағы уақытта да білім беру саласын дамыту, оқушыларды сапалы білім, саналы тәрбиемен қамту бағытында нақты жұмыстар жасалатын болады,- деген аудан әкімі ұстаздар қауымына шығармашылық сәттіліктер, еңбекте жеміс, абырой тіледі.

Сонымен бірге, жақсы жетістікке жетіп, білім беру ісінде биік белестерді бағындырған бірқатар ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрінің, облыс, аудан әкімінің "Алғыс хатын" табыс етті.

Шара барысында "Қызылдихан" шаруа қожалығының төрағасы А.Құлыбаев мектеп мұғалімдерін және оқушыларын "Білім күні" мерекесімен құттықтап, шаруашылық тарапынан 2 млн.600 мың теңгенің спорттық және музыкалық құрал-жабдықтарын тарту етті.

Іс-шарадан кейін аудан әкімі мектеп сыныптарын аралап, ашық сабаққа қатысты және мектеп жанындағы Т.Қозыбаев музейімен танысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 222

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 қыркүйек 2019

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ...

17 қыркүйек 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ...

17 қыркүйек 2019

АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ...

17 қыркүйек 2019

АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты