АУДАН ӘКІМІ 104 ЖАСТАҒЫ БАЛШАЙ ӘЖЕНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды: 01 қазан, 2019 10:41

 Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбеновпен және аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікеновпен бірге Нағи Ілиясов ауылының 104 жастағы тұрғыны Балшай Маханбетованы «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы ғасырдан ұзақ өмір сүрген ғибратты ғұмыр иесіне Құттықтау хат және арнайы сый-сияпат табыс етті. Сонымен бірге, игі тілегін жеткізіп, зор денсаулық тіледі.

– Ардагерлерді ардақтау – біздің басты міндетіміз. Сіз ауданымыздағы ең жасы үлкен қазыналы қариясыз. Жалынды жастық шағыңызды адал еңбекке арнадыңыз. Қарапайым жұмысшы болып еңбек ете жүріп аяулы жар, асыл ана, асыл әже атандыңыз. Бүгінде шөпшектеріңіздің қолынан дәм татып, бейнетіңіздің зейнетін көрудесіз. Лайым, деніңіз сау болып, жыл сайын зор қуанышпен қарттар күні мерекесін қарсы алыңыз. Біз Сіздің деніңіздің сау болуына тілектеспіз,-деді аудан әкімі.

Құттықтау шарасында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы 104 жастың биігіне шыққан ақ жаулықты ананы мерекесімен құттықтады. Аудан ардагерлерінің ыстық ықыласын жеткізіп, ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтті.
Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген 104 жастағы Балшай әже елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 129

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты