АУДАН БАСШЫСЫ ОҚУШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ АУЛАСЫНА ТАЛ ЕКТІ

Жарияланды: 03 қазан, 2019 04:07

 Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов «Эко сағат» акциясы аясында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей оқушыларының ашық сабағына қатысып, оқушыларымен бірге білім ордасының ауласына тал екті.

Егілген талды алдағы уақытта өзі қадағалап тұратынын айтқан аудан басшысы оқушыларды қоғам тазалығына атсалуға шақырды.

– Тазалық бәріміз үшін қажет құндылық. Халқымызда «Бір тал кессең, он тал ек» деген тәмсіл бар. Сондықтан жыл сайын әрбір азамат кем дегенде бір тал егіп, оны күтіп-баптауды әдетке айналдыру керек. Бұл қоғам тазалығы қосылған кішкентай да болса үлес. Міне, бүгін «Эко сағат» акциясы аясында оқушылармен бірге тал егіп жатырмыз. Алдағы уақытта бұл талдар көктеп, көгеріп, жайқалып тұрса, біз үшін қуаныш болмақ. Ертең Сіздер де мектептен қанаттанып, үлкен қалаларда білім алып, жұмыс істеп, ауданға келгендеріңізде осы талды көріп бүгінгі сәтті еске аласыздар. Сонда «Бұл ағашты біз еккен едік» деп көтеріңкі көңіл-күймен мақтанатын боласыздар. Сол себепті, қазірден бастап күнделікті өздеріңіз еккен ағашты қадағалап тұрыңыздар. Сонда ғана бүгінгі акция өз нәтижесін береді,- деді аудан басшысы.

Акцияға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенов игі іске асталысқан оқушыларға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Айта кету керек, акция шеңберінде мектеп-лицей ауласына 20-дан астам көшет егілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 130

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты