АУДАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды: 14 наурыз, 2019 05:50

"ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Қызылорда облысына жасаған жұмыс жоспары аясында бүгін Сырдария ауданының еңбек ардагерлерімен кездесті.

Кездесуге облыс әкімі Қ.Көшербаев, аудан әкімі Ғ.Қазантаев, облыс әкімінің орынбасары Е.Ким, мұнай саласының қызметкерлері, аудан ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйым төрағалары қатысты.

Кездесуді ашқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев "ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаевтың еліміздің дамуына қосқан үлесіне тоқталып, мұнай саласында жемісті еңбек етіп келе жатқанын атап өтті.

Мұнан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов ардақты азамат Алик Серікұлының ауданға келетінін ести сала, өткен-кеткенді ой елегінен өткізгенін және тек қана жылы естіліктер ойға оралғанын жеткізді. Ауданның 90 жылдық мерейтойына демеушілік көрсеткені үшін зор алғысын айтып, аудан халқының атынан "Сырдария ауданының 90 жылдығы" мерекелік медалін табыс етті.

Өз кезегінде еңбек ардагері, Мәдениет саласының үздігі А.Бақтиярова Алик Серікұлы 1999-2007 жылдары облыстық мәслихат депутаттығына сайланғанда сенімді өкіл болғанын, сайлау жұмыстарына атсалысып, етене араласқанын айтты. Осыдан 10-15 жыл бұрын өткен сайлау барысындағы аудан тұрғындарының сенімі мен құрметі әлі күнге көз алдында екеніне тоқталды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, олардың үлкен қалаларда ем алуына демеушілік көрсеткенін атап өтті.

Кездесуде "ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Сырдария ауданының ардагерлеріне шынайы ризашылығын білдіріп, әркез қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді және ауданның дамуына жеміс тіледі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 120

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 мамыр 2019

Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады ...

14 мамыр 2019

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ...

14 мамыр 2019

Қазақстан Президенті Қызылорда облысындағы өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығында болды

Қазақстан Президенті Қызылорда облысындағы өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығында болды ...

14 мамыр 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жан-Арай» агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жан-Арай» агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты