А.Тоқмағамбетов ауылында дәрігерлік амбулатория салынады

Жарияланды: 22 қаңтар, 2020 10:42

Бұл туралы аудан әкімі Руслан Рүстемов халыққа есеп беру жиынында айтты.
«Сырдария ауданында соңғы 5 жылда 6 медициналық нысан (Айдарлы, Бесарық, Іңкәрдария, Шіркейлі Қоғалыкөл және Ақжарма ауылдық округтерінің дәрігерлік амбулатория ғимараттары) жаңартылған. Сәкен Сейфуллин және Жетікөл ауылдарында жаңадан дәрігерлік аймақ ашылып, дәрігерлермен қамтылды. Алдағы уақытта Асқар Тоқмағамбетов ауылында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу жоспарланып отыр» деді аудан басшысы өз баяндамасында.Елді мекенге дәрігерлік амбулаторияның қажеттілігі ауыл тұрғындарының бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқан мәселесі еді. Жыл аяғына дейін бұл мәселе толық шешілсе, ауыл тұрғындары сапалы медициналық көмекке қол жеткізбек.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 72

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты