А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды: 04 желтоқсан, 2019 07:53

 А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов пен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанынан ашылған "Парасаттылық мектебінде" болды. Сонымен қатар, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен сот ғимараты және қалалық әкімдік жанындағы "Оpen space" фронт офистерінің жұмысымен танысты.

«Парасаттылық мектебінің» негізгі мақсаты - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар, халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру.

"Адал ұрпақ" облыстық еріктілер клубына бүгінде аймақтағы 293 мектептен 16 мың оқушы тіркелген. Аталмыш еріктілер клубының негізгі мақсаты - оқушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, отансүйгіштікке баулу.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев Сыр өңіріне сапары барысында сыбайлас жемқорлық мәселелерін кеңінен талқылау мақсатында облыстық активімен кездесті. Мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау органдарының басшылары және орталық атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

" Мемлекет басшысының Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі турасында жан-жақты тапсырма берді. Мәселен, енді сыбайлас жемқорлыққа жол берген мекеменің басшысы нормативті және заң тұрғысынан қатаң жазаланатын болатындығын ескертті. Облыста сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу мақсатында әрбір басқармада аудит бөлімдерімен, облыстық әкімдік аппаратында арнайы құқық қорғау органдарымен жұмыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл секторы құрылды ",- деп атап өтті облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 192

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты