АСАР ӘДІСІМЕН ТАҒЫ ДА БІР ИГІ ІС ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Жарияланды: 02 сәуір, 2019 06:40

 

 

 

 

Сырдария ауданында асар әдісімен халыққа қажетті жұмыстарды атқару қалыптасқан дәстүрге айналып кетті. Бұған дейін бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша бірнеше көпір салынғанын ақпараттандырған болатынбыз. Шуақты наурыз айында тағы да бір игі іс асар әдісімен жүзеге асты.

Аудан орталығы Тереңөзек кентінің негізгі көшесіндегі сауда нысандарының алдына асар әдісімен жаяу жүргіншілер жолы салынды. Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған аталған жұмысқа аудан көлеміндегі меншік түріне қарамастан барлық мекеме қызметкерлері мен қарапайым тұрғындар, кәсіпкерлер өз үлестерін қосты.

Жоспарланған жұмыстар екі күннің ішінде толығымен аяқталды. Сауда нысандарының алдына салынған жаяу жүргіншілер жолы енді жаңбырлы күндері тұрғындардың әбігерге түспеуіне тікелей әсер ететін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта сауда нысандарының алдына арнайы темір қоршаулар орнатылып, сырланып, гүлдер егіледі деп жоспарлануда.

Аудан бойынша биылғы жылы асар әдісімен жүргізілетін жұмыс мұнымен аяқталмайды. Жыл ағымында Майжарма каналына тағы да бір көпір салынады деп күтілуде. Яғни, бекем бірлік пен тындырымды тірлікті ұштастырған сырдариялықтар өзгелерге үлгі көрсете бермек.

 

 

 

 

Ақтөре Ибрагимұлы,

 

 

 

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 

 

 

 

Никита Мяцсов,

 

 

 

«Аңсар» дәріханасының қызметкері:

 

– Дәріханамызға келген сатып алушылар бұрын жаңбырлы күндері өз шағымдарын жеткізіп, жаяу жүргіншілер жолы қажеттігін айтатын. Бұл мәселе бізді де алаңдататын еді. Жақында аудан басшысы тиісті сала мамандарымен бірге сауда нысандарының аумағымен танысып, нақты тапсырмалар бергенін естідік. Көп өтпей, яғни бір аптадан кейін асар әдісімен жаяу жүргіншілер жолы салынды. Игі іске еңкейген қарттан бастап жас буын өкілдері де өз үлестерін қосты. Біз де Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған жүйелі жұмысқа тілектестігімізді білдірдік. Қазір жаяу жүргіншілер жолының құрылысы аяқталды. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Кентіміз гүлдене берсін. Ел ағаларының жұмысына жеміс тілеймін.

 

 

 

 

 

Болат Дүзімбетов,

 

 

 

«Жәрдем» ЖШС директоры:

 

– Халқымызда «Көп түкірсе – көл» деген даналық сөз бар. Асар әдісімен халықтың қажетін орындауға қазіргі таңда қалыптасып та қалдық. Оның үстіне өзіміз туып-өскен ортаның, ауданның жұмысы мен шешілмей жатқан кейбір мәселесі біздің де жанымыз ашитын жұмысымыз, мәселеміз болып табылады. Сондықтан игі іске үлес қосқанымызды міндетсінбейміз, керісінше мақтаныш санаймыз.

Расында да бала күнімізден бері А.Иманов және Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы сауда нысандарына халық көп келеді. Адам аяғы арылмайтын аумақтағы жаяу жүргіншілер жолының ескіргенін көпшілік жақсы біледі. Міне, орайы келіп, осы іс өз шешімін тапты. Ауданның азаматтары таңертеңнен кешке дейін бірлесе еңбек етіп, нәтижелі іс аяқталды. Асарға қатысып, өз үлестерін қосқан барша әріптестеріме, кәсіпкерлерге, азаматтарға алғыс айтамын.

 

 

 

 

 

Сәуле Таюпова,

 

 

 

кент тұрғыны

 

         – Ауданымызда тұрғындардың игілігі үшін жасалынып жатқан жұмыстар жетерлік. Оны біз аудандық газеттен және «Фейсбук» әлеуметтік желісінен көріп, біліп, оқып отырамыз. Жақында жалпы ұзындығы 150 метрге жуық жаяу жүргіншілер жолы салынды. Әрине, оңай іс емес. Осы іске бастамашы болып, тұрғындар игілігін ойлаған азаматтардың еңбегі қай қырынан алып қарасақ та үлгілі.

         Асар әдісімен тағы да бір игі істің жүзеге асуы Наурыз мерекесіне жақсы тарту болды. Бұл аудан тұрғындарының ауызбіршілігінің жарқын көрінісі. Осындай жақсы жаңалықтар көп бола берсін. Лайым, кентіміз гүлденіп, көркейе берсін.

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 69

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 сәуір 2019

ДЗЮДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ДЗЮДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ...

22 сәуір 2019

"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ...

18 сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты