АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды: 04 қазан, 2018 10:14

Ұстаздар мерекесі қарсаңында ауданның білім беру саласында жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева ұлағатты ұстаздарды аудан әкімінің атынан мерейлі мерекесімен құттықтап, білім саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін алғысын білдірді.

– Ұстаз – ұлы ұғым, ұлағатты есім. Халқымызда «Ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында» деген тағылымы мол сөз бар. Яғни, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мұғалімдер – мектептің жаны, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры. Сіздерді аудан әкімінің атынан шын жүректен құттықтаймын және дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін,- деді бөлім басшысы құттықтау сөзінде.

Кәсіби мереке аясында ұйымдастырылған іс-шарада ардагер ұстаздар сөз алып, құрмет көрсеткен ауданның атқарушы билік өкілдеріне, білім саласының басшылығына ризашылықтарын білдірді.

#Қызылордаоблысы
#Сырдарияауданы
#Ұстаздаркүні


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 61

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 қазан 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ 14 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ 14 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ...

16 қазан 2018

СЕНАТОРЛАР СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

СЕНАТОРЛАР СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ...

15 қазан 2018

"НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

«Нұр Отан» партиясы Жолдаудың жүзеге асуын бақылауды күшейтеді ...

12 қазан 2018

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ҚАЛҚАН-2018» АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ҚАЛҚАН-2018» АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты