АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды: 25 қараша, 2019 04:21

 АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Р.Рүстемовтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, бірінші болып аудандық ветеринария бөлімінің 2019 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Өз кезегінде аудан басшысы ветеринария саласын дамыту мақсатында аудан бойынша біршама жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етіп, елді мекендерде орналасқан мал тоғыту ванналарының, биотермиялық шұңқырлардың жай-күйін тексеру, жөндеу жұмыстарын жүргізуді және шаруашылықтарда мал басын асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұдайы жүргізуді тапсырды.
Екінші мәселе бойынша, мемлекеттік сатып алу бөлімінің үстіміздегі жылдың 10 айында атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы баяндалып, аудан әкімі барлық бағдарлама әкімшілеріне 2019 жылға айқындалған бірыңғай ұйымдастырушылардың жұмысын жандандыруды, жоспарланған мемлекеттік сатып алуларды мерзімінде жүзеге асыру және мамандардың қатысуымен семинар-кеңестер ұйымдастыруды, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу бөлімдеріне 2020 жылы мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жаңадан енгізілетін өзгерістер бойынша атқаратын жұмыстарды нақтылап, ұсыныс енгізуді тапсырды.
Сонымен қатар аппарат мәжілісінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық барысы және келесі жылдың І жарты жылдығына баспасөзге жазылу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі Р.Рүстемов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналардың уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, жұмыссыз азаматтардың мәртебесін өзектендіру және МӘМС жүйесінің тиімділігі жайында халыққа түсіндірме, насихат жұмыстарын жандандыруды жүктеді. Сондай-ақ, аудандағы барлық мекеме басшыларына мерзімді баспасөзге жазылу межесін толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 40

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

06 желтоқсан 2019

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...

04 желтоқсан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...

04 желтоқсан 2019

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

04 желтоқсан 2019

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ...

04 желтоқсан 2019

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты