АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ

Жарияланды: 09 наурыз, 2018 04:12

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде мәдени шара өтті. «Ана –тіршіліктің тірегі» тақырыбында өткен мерекелік іс-шараға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ақ жаулықты аналар және қазіргі таңда жемісті жұмыс жасап жүрген қыз-келіншектер, аудан тұрғындары қатысты.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова сөз сөйлеп, аяулы әйелдер мен қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтады.

– Қасиетті Жер-ана бусанып, қар астынан алғашқы бәйшешектер бой жазатын, жер-дүние мейірлене түсіп, күн шуағымен арайланатын көктемнің әсем мерекесі  құтты болсын! Барлық уақытта халқымыз өзіне ең қымбат ұғымдарды – Отан мен Жерді, Тілді – Ана атымен байланыстырған. Өйткені, тіршіліктің нәрі де, мәні де – Ана.  Сіздер отбасының түтінін түзу ұшырып қана қоймай, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде шексіз еңбек сіңіріп келесіздер. Біздің аналарымыз, аруларымыз тек отбасының береке-бірлігі,  ұйытқысы ғана емес, олар - бүкіл қоғамды алға сүйреп,  ел ынтымағын нығайтатын, несібесін молайтатын аса қажырлы да қуатты күш. Ауданымыздың сан алуан саласында белсенді еңбек етіп, ел ырысын арттырып жүрген әйелдер, Сыр аналары соның дәлелі,- деген аудан әкімінің орынбасары ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан абзал аналар мен қыз-келіншектерге Құттықтау хат, гүл шоқтарын табыстады. Сонымен бірге, ауданның 90 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Сырдария аруы» байқауының бас жүлдегері Бақытбекова Әлия Алматқызына тәж кигізді.

Шарада әсем әндер айтылып, көріністер қойылды. Шараны тамашалаған абзал аналар мәдени шарада мерекелік көңіл-күйге бөленіп, қуанышпен тарқасты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 132

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 маусым 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛ...

22 маусым 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ...

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты