АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды: 07 наурыз, 2018 02:31

Аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіне байланысты актив жиыны өтті. Актив жиынына облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Актив жиынын аудан әкімі Ғ.Қазантаев ашып, жүргізіп отырды.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күні «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялаған болатын. Елбасы ел дамуына үлкен септігін тигізетін бес әлеуметтік мәселені атап көрсете отырып, билік өкілдеріне тиісті тапсырмаларды жүктеді. Бастамалар қатарында халықтың тұрғын үй алуын жеңілдету мәселесі, жалақысы төмен жұмысшылардың айлық жалақысын көбейту мақсатында салық мөлшерлемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімдігі мен сапасын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, газбен қамтамасыз етуді жүзеге асыру сынды мәселелерді көтерді. Бұл мақсатта бізде аудан тұрғындарының тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін тиісті жұмыстарды қолға алдық. 2017 жылы республикалық бюджет есебінен Тереңөзек кентінің А.Иманов және Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысының инфрақұрылымын бастауға 100 млн теңге бөлінсе, 2018 жылы 184,7 млн. теңге бөлініп отыр. Аталған тұрғын үй кварталына 3 қабатты 9 тұрғын үй салынады, оның ішінде 2018 жылы республикалық бюджеттен 388,9 млн. теңгеге 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлер салынып, 42 пәтер пайдалануға берілетін болады. Осы тектес жұмыстарды дұрыс үйлестіру арқылы Үндеуден туындаған міндеттерді орындау мақсатында экономикамызды жақсартуымыз қажет,- деген аудан әкімі тиісті басшыларға Елбасы бастамасын жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берді. Сонымен бірге, «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» әлеуметтің әлеуетін арттыратынын жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 251

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

20 маусым 2018

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ЖАРИЯ ТҮРДЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері тура...

20 маусым 2018

РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ

РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты