Абай – дана, Абай – дара

Жарияланды: 01 ақпан, 2020 10:59

Кент мәдениет үйін­де ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл тәр­бие­лік мәні зор тағылымды шараны №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мек­теп пен кент­ мә­дениет үйі бір­лесіп ұйымдас­тырды.

Әдеби-сазды кеш «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп төрелігін өзі шешкен Абай бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді. Мәңгі өмір сүре бермек» деген жалынды сөздермен ашылды.

Кеште мектеп оқушыларынан жасақталған «Сырлы саз» оркестірінің сүйемелдеуімен «Айттым сәлем, Қалам­қас» әнін республикалық конкурстың жеңімпазы Әйгерім Үсенова жеке дауыста тамаша орындап шықты. Мұнан соң бір топ мектеп оқушысы Абайдың тағылымды қара сөздерін жатқа айтты. Республикалық конкурстардың жеңімпазы, мектеп оқушысы Жомарт Наршаев орындаған «Көзімнің қарасы» әні көрермендерді бір серпілтті.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй, – дегендей, келесі кезекте мектеп оқушылары қорының орындауында «Желсіз түнде жарық-ай» әні шырқалды.

Кеште ұлы ақынның өнегелі өмірі, даналығы көрер­менге кеңінен таныстырылып, рухани асыл мұралары на­сихатталды.

Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды» дейді. Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін оның тілін меңгерудің маңызы зор. Мұны Абай атамыз өзінен кейінгілерге бір жарым ғасыр бұрын айтып, өсиет етіп кеткен. Осыған орай мектеп оқушылары Мақсат Мэліс, Аяулым Сейдалиева және Гүлбану Келдібай дара тұлғаның өлеңдерін үш тілде, яғни қазақша, орысша, ағылшынша жатқа айтты.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы республикалық газетте жарияланды. Онда Мемлекет басшысы жаһандану дәуірінде кез келген дүниені Абайдың даналығымен байланыстыру керектігі жөнінде атап өткен болатын. Осы мақсатқа орай ұйымдастырылған кеште мектеп оқушылары мен мәдениет қызметкерлерінің өнерпаздық таланттары жарқырап көрініп, ақын даналығын көпке паш етті.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 67

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты