2019 жылдың IІI тоқсанына

Жарияланды: 11 қазан, 2019 10:13

Сырдария аудандық білім бөлімі Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі №289 қаулысымен бекітілген «Сырдария аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі талаптарына сәйкес жұмыс жасайды, белгіленген міндеттерді орындайды. Бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлердің штат саны 5-еу. 1- бөлім басшысы, 3-бас маман, 1 жетекші маман. Бас мамандар оқу ісін ұйымдастыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру, кадр жұмыстарын үйлестіру, жетекші маман жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қысқы маусымға дайындық жұмыстарын атқарады.

Бөлім құрамында әдістемелік кабинет және орталықтандырылған бухгалтерия бөлімі бар. Әдістемелік кабинетте 10 әдіскер, 3 инспектор жұмыс істейді. Әдіскерлер математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, шет тілі пәндері бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізеді және қосымша педагог кадрларды оқыту, кітапхана, бала - бақшалар жұмысын үйлестіреді. Инспекторлар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен, мүмкіндігі шектеулі балалармен, мүгедек балаларды үйде оқыту, қолайсыз отбасы балаларымен жұмыс, бөлімнің мұрағат жұмысын жүргізу, мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтарының жұмыстарын үйлестіру, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарымен айналысады.

Педагог кадрлар біліктілігін арттыру жұмыстары.

Аудан мектептерінде 2019-2020 оқу жылында 1150 педагог кадрлар жұмыс жасады. Олардың 1088 жоғары білімді, 62 арнаулы орта білімді мамандар.  Педагог кадрлардың 109-ы жоғары, 386-і бірінші, 279-і екінші санатты (154-і біліктілігі жоқ) мамандар. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер барлық мұғалімнің 54 пайызын құрайды.

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес педагог мәртебесін арттыру мақсатында мектеп мұғалімдері аттестациясының жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633  Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық жоспарының іс-шарасымен педагогтерге арналған ұлттық біліктілік тестін әзірлеу және оны өткізу бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі екі кезең бойынша жүзеге асып, ауданымыздағы 1 мұғалім педагог-шебер,79 мұғалім педагог-зерттеуші, 161 мұғалім педагог-сарапшы, 74 мұғалім педагог-модератор біліктілігін алды.

2019 жылдың қаңтар - қыркүйек  айларында біліктілік арттыру курстарының барлық бағыттары бойынша білім сатысынан өткен мұғалімдер саны: 860.

Категория: Білім
Көргендер: 131

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 қараша 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ...

20 қараша 2019

КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ...

19 қараша 2019

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ...

19 қараша 2019

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады ...

19 қараша 2019

Бес сұрақ айдары

Бес сұрақ айдары...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты