2018 жылы атқарылған жұмыстар баяндалды

Жарияланды: 17 қаңтар, 2019 14:20

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұхимов Абзал Сансызбайұлының қатысуымен 2018 жылы мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында аймағымызда атқарылған жұмыстар туралы баспасөз-конференциясы өтті.
Департамент басшысы салалар бойынша көрсеткіштерге тоқтала келіп, электронды түрде көрсетілген қызметтер үлесі 2017 жылмен салыстырғанда 43 пайызға артып, нәтижесінде 83 пайызды құрап отырғандығын және баламалы қызметтер бойынша мемлекеттік органмен қағаз түрінде көрсетілген қызметтер үлесінің 2017 жылмен салыстырғанда 38 пайызға төмендеп, 2018 жылы 8 пайызды құрағандығын мәлімдеді.
Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 691 бірлікті құрайды. 2018 жылы жергілікті атқарушы органдардан 48 қызметші (2,3%) мемлекеттік қызметтен кеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2 есе азайған. 2017 жылы мемлекеттік органдардан қызметтен кеткендер
88 адамды немесе штат санының 4,2% құраған.
2018 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп, онда 68 мәселе қаралған. Қаралған мәселелердің 42,6% немесе 29-ы тәртіптік істер. Тәртіптік істерді қарау нәтижелерімен 19 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылып, оның ішінде 10-на Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін, 9-на мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жазалар қолданылған.
Департаментке өз құқықтарын қорғау үшін шағымданған 13 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында облыс бойынша барлығы 4 785 іс-шара өткізіліп, 2017 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан
Облыстық арнайы мониторингтік топтың 12, ал аудандық мониторингтік топтардың 29 отырысы өткізіліп, білім, денсаулық сақтау, жергілікті полиция, әлеуметтік қорғау және көші-қон, халыққа қызмет көрсету орталығы, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саларындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша барлығы 97 мәселе қаралып, 272 ұсыным берілген.
Есепті мерзімде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің баптары бойынша 46 әкімшілік іс қозғалып, мемлекет пайдасына 2 167 342 теңге өндірілгендігі баяндалды.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 219

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ...

18 сәуір 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ...

12 сәуір 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ...

11 сәуір 2019

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕРІ КӨП

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕРІ КӨП...

10 сәуір 2019

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫЗ

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫЗ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты