«Сапалы қызмет – сапалы өмір»

Жарияланды: 04 желтоқсан, 2019 07:52

 Бүгін кент мәдениет үйінде «Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты meet-up кездесу өтті. Кездесудің мақсаты мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды үйрету, мобильдік құрылғы арқылы электронды-цифрлық қолтаңба беру, аудандық білім, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ, ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша консультациялық кеңестер беру болып табылады.
Кездесуді Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Қарсақбаев ашып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі белсенді жағдайға көшуді көздейтін, электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру, яғни мемлекет тарабынан көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру болып табылатынын айтып өтті.
Кездесуге кент тұрғындары, мектептің жоғарғы сынып оқушылары, мұғалімдер қатысып, Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері арқылы электронды цифрлы қолтаңба алды. Қатысушыларға электронды үкімет порталының тиімділігі туралы және смартфон арқылы мемлекеттік қызмет алу қағидалары түсіндірілді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 79

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты