Сыбайлас жемқорлық

Жарияланды: 20 қыркүйек, 2019 12:13

 

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Ел Басы-Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде  аталмыш мәселеге байланысты іс-шараларға келетін болсақ, қызметкерлер арасында кемінде апсына екі рет департаментте техникалық сабақтар өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу-мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

 

                                                    Қызылорда    облысы    бойынша

                                                    ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

                                                    бас маманы, мемлекеттік аудитор

                                                    Қамзаев Қайрат Шәдібекұлы

 

Категория: Хабарландыру
Көргендер: 459

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты