Құрылыс

Жарияланды: 01 қазан, 2015 15:39

Ауданда тұрғын үй салу халықтың өз күшімен жүзеге асырылуда, ағымдағы жылдың 9 айында 9573 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайыз болып отыр.

Бесарық ауылындағы әкімшілік ғимараты құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Тереңөзек кентіне (О. Мәлібаев) бес екі бөлмелі және бес үш бөлмелі үй құрылыстары жүргізілуде.

Еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің қатарына жатқызылған. Осыған орай мемлекетімізде «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданып, басты мақсаты - халықты сапалы ауыз сумен және суды жеткізетін әрі тарататын қызметтермен қамтамасыз ету болды.

Ақжарма, Аманкелді, Бесарық, ауылдарының сумен қамту жүйелерін кеңейту және қайта құрылымдау жұмыстарының құрылыстары жалғастырылып, биыл пайдалануға беріледі.

Сырдария ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 421,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жол 47,0 шақырым (Қызылорда - Жалағаш а/ж 16-63км), облыстық маңызы бар жол 68,5 шақырым (Шымкент – Самара – Тереңөзек а/ж 0 – 18 км, Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай а/ж 0-50,5км), аудандық маңызы бар жол 98 шақырым. Жергілікті маңызы бар 98 шақырым автомобиль жолдары 100 % қара жабындысымен жабдықталған.

2015 жылы аудандық бюджеттен 157128,0 мың теңге бөлініп, Тереңөзек кенті, Тоқтыбаев көшесімен «Әйтек» каналынан өтетін автокөлік көпірінің құрылысы мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-і арқылы жүргізілуде.

Кент пен ауылішілік автомобиль жолдар 202,6 шақырымды құрайды. 2015 жылы аудандық маңызы бар жолдарды ағымды жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 27720,0 мың теңге қаржы бөлініп ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тереңөзек кентінің 8 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 98069,0 мың теңге қаржы бөлінген, қазіргі уақытта жұмыстың 100 пайызы орындалды. Сонымен қатар Жетікөл ауылының 5 көшесіне, А.Тоқмағанбетов ауылының 6 көшесіне, Қалжан Ахун елді мекенінің 3 көшесіне, Шаған елді мекенінің 3 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Мәдениет объектілерінің құрылысы. Айдарлы ауылдық клуб құрылысына аудандық бюджеттен 159164,0 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыстары салынды. Сонымен қатар Жетікөл ауылдық клубының жылу қазандығын қайта жаңғырту жұмыстарынан 21641,0 млн теңге игерілді және Қоғалыкөл ауылындағы мәдениет үйінің көмір қоймасының құрылысы пайдалануға берілді.

Білім объектілерінің құрылысы. 2014 жылы басталған Тереңөзек кентіндегі «Жалын» тынығу лагерінің жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмысы жалғастырылып, 11,117 млн теңге игеріліп, нысан пайдалануға берілді. С.Сейфуллин ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы салынды. Қалжан Ахун ауылындағы «Гүлдер» балабақшасын және Қоғалыкөл ауылындағы 140 орындық балабақша ғимараттарын қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге Тереңөзек кентіндегі №6 «Ботакөз» балалар бақшасын қайта жаңғырту жұмыстары басталуда.

Категория: Құрылыс
Көргендер: 557

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 шілде 2018

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

19 шілде 2018

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты