ПАРЫЗ-2019 КОНКУРСЫ

Жарияланды: 28 мамыр, 2019 13:10

Қазақстан Республикасы Президентінің 23.01.2008 жылғы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы белгіленді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2019" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

         Конкурсты өткізудің мақсаттары:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

      2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Осыған байланысты, ағымдағы жылы республикалық «Парыз-2019» байқауы жарияланды, конкурс лауреаттарының атақтары (ірі, орта және шағын) субъектісі үш санаттары бойынша және «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін» 4 номинациялары бойынша беріледі.    

 «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы. Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы. Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық)  бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.               

 Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Ол үшін өтініш пен анкетаны толтыру.

Өтініште басшының қолы мен мөрі болу керек.

(Өтініштегі тіркеу номерін министрлік қол қояды)

2)  Мекеменің облыстық немесе аудандық газетке шыққан материалдары болса, көшірмесі.

3)  Мақтау, марапаттау, алғыс хат, диплом болса сканерлеп, цветной принтерден шығару.

4)  Шаруашылықтың қысқаша тарихы (1 бет), қашаннан жұмыс істейді, немен айналысады, жеткен жетістіктері, алған марапаттары, «Парыз», «Алтын сапа» конкурстарына бұрын қатысқан ба, қатысса фотосуреттерін ұсыну.

5)  5 минуттан кем емес видеоролик, дауысымен. Бірінші күріштік алқабын түсіріп, сосын басшы өз кабинетінде интервью берсе, осы «Парыз» конкурсы туралы (үгіт-насихат сияқты, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне).

 Ауданға қарасты барлық шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер және орта, ірі кәсіпкерлік субъектілері, Сіздерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2019» конкурсына қатысуға шақырамыз.  

 Райсобесдің телефоны 22-0-12 Мұхан Айгүл, 21-2-70 Зұлқарнаев Ернар

Облыстық басқармасы қызм. тел. (87242) 26-21-30 Асқар және Жеңісбек

 Көрсетілген қызметтік телефондары арқылы аталмыш конкурс жайлы толық ақпаратын ала аласыздар. 

 

# Сырдария ауданы

# Парыз-2019 конкурсы

#  Аудан әкімдігі

 

Категория: Хабарландыру
Көргендер: 387

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

24 маусым 2019

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ...

24 маусым 2019

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар...

18 маусым 2019

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ...

17 маусым 2019

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты