Кәсіпкерлер назарына!

Жарияланды: 31 қаңтар, 2018 16:59

 

Құрметті кәсіпкерлер!

Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасы аясында халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті модернизациялауға қолдау көрсетуге бағытталған «ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» құралына  қатысуға шақырады

Жоба екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде еліміздің аумағында оқыту жүргізіледі. Қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен өз кәсіпорындарының дамуының бизнес-жоспарын жасау үшін қажетті дағдылар мен білім алатын бизнес-тренингтер өтеді.

Екінші кезең қатысушылар үшін шетелде ақысыз тақырыптық бизнес-тәжірибе жинақтаушылықтан өтуді көздейді, бұл сонымен қатар шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату мақсатында да жүзеге асырылады.

«Іскерлік байланыстар» бағдарламасына қатысу үшін қойылатын талаптар:

- Кәсіпорынның шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі болуы тиіс (табыстарының орташа жылдық көлемі 3 000 000 АЕК-тен және қызметкерлер саны 250 адманан аспайтын кәсіпорын);

- Кәсіпорынның ағымдағы қызметі экономиканың басым секторларының Тізіміне сай болуы тиіс;

- Қатысушы лауазымы басшының орынбасарынан немесе кәсіпорынның жоғарғы және орта буыны басшыларынан төмен болмауы тиіс. Бағдарламаға кәсіпорыннан 1 адамнан артық қатыса алмайды. 

Қатысуға асығыңыздар! 

Анықтама телефондары: 8/7242/ 400202, 8/7242/ 400874, 8/72436/ 79179. Сall-орталық:1432 

Қатысуға  өтінімдер мен басқа да құжаттар Сырдария ауданы Тереңөзек кенті Қонаев көшесі №12А-да орналасқан Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиалында қабылданады.

 

Категория: Хабарландыру
Көргендер: 740

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2018

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ...

14 желтоқсан 2018

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ...

13 желтоқсан 2018

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды...

12 желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты