2019 жылдың III тоқсанына

Жарияланды: 10 қазан, 2019 10:12

2019 жылдың 9 айында аудан әкімі аппаратына барлығы 411 өтініш келіп түсті. 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда (400 өтініш) өтініштер саны 11-ге немесе 2,7 пайызға артқанын көрсетіп отыр. 

Келіп түскен барлық 411 өтініштің ішінен: 180 өтініш азаматтардың жеке қабылдау кезінде келтірген өтініштері болса, 1 өтініш иесі бүркемеленген, қалған 230 өтініш жазбаша және электронды түрде түскен өтініштер болып табылады.

Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына жоғары тұрған және құқық қорғау органдарынан барлығы - 41 өтініш келіп түскен.

Оның ішінде: аудан тұрғындары ҚР Президенті әкімшілігінен - 1, «Нұр Отан» Партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінен - 1, облыс әкімдігінен - 26 өтініш келіп түскен.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан - 3, облыстық прокуратурадан - 5,  аудандық прокуратурадан - 2, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық  бюросының Қызылорда  облысы  бойынша департаментінен - 3 өтініш келіп түскен.        

2019 жылдың 9 айында барлығы 180 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде: 80 тұлға аудан әкімінің қабылдауында, 100 тұлға міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болып, өтініштері заңдылықтарға сәйкес қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік және материалдық көмек көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 15 азаматтың көтерген мәселелері  оң  шешімін тапса, қалған 165 азаматқа  заңға сәйкес түсіндірмелер  берілді.

Бұл ретте, арнайы бекітілген азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі аудан тұрғындарының назарына жеткізу үшін «Тіршілік тынысы» газетіне және аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына тоқсан сайын жариялануда.

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 99

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты