ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды: 08 қаңтар, 2019 12:28

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Сырдария ауданының білім бөлімі  «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына және осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес №1 қосымшада берілген білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.

 

Ұсыныстарды қабылдау  хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган бекітеді.

 

         Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

      1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

      3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

      4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

      5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

      Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

 

            Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

      1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

         2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

         3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

         4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

         5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

         6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

         7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

         8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

        9)  білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

         10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

         11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

      Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстар Сырдария аудандық білім бөліміне, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесі №43 мекен-жайы бойынша қабылданатындығы жайлы хабарлайды.

 

Қосымша №1

 

1)  Сырдария аудандық білім бөлімінің  “№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей” коммуналдық  мемлекеттік мекемесі;

2) Сырдария аудандық білім бөлімінің “ №36 Әбілда Тәжібаев атындағы мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№37 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Сырдария аудандық білім бөлімінің  “№42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Сырдария аудандық білім бөлімінің “ №44 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) Сырдария аудандық білім бөлімінің  “№126 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) Сырдария аудандық білім бөлімінің  “№129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№130 Абай атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№131  орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№137 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№139 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№147 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№174 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№191 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18) Сырдария аудандық білім бөлімінің жалпы орта білім беретін “Кешкі мектеп ” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

 

 

Категория: Хабарландыру
Көргендер: 703

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ...

18 сәуір 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ...

12 сәуір 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ...

11 сәуір 2019

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕРІ КӨП

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕРІ КӨП...

10 сәуір 2019

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫЗ

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫЗ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты