«Еңбек жолы» республикалық конкурсы туралы

Жарияланды: 13 наурыз, 2020 15:52

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының   2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен  Еңбек күні мерекесі жарияланған. Осыған орай,  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының басталуын жариялайды.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты:

1)Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) Еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3)Қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.

 Конкурс 3 номинациядан тұрады:                                                                                        

1) «Үздік еңбек әулеті» - еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп, ең көп санды әулет таңдалады;

2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын,  ең белсенді және еңбекқор өңдіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың  үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 15 наурызынан бастап 20 сәуірге дейін қабылданады. Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Қажетті сұрақтармен келесі мекен-жайы бойынша хабарласуға болады: Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жауапты мамандары қызметтік телефоны: (87242) 26-21-30 Асқар және Жеңісбек.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 

1)номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2)жеке куәлік көшірмесі;

3)номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген );

4)конкурсант  туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында) презентация;

5)    еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері / жұмыс орнынан анықтама;

6)    жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат; 

Қосымша бар болса мынадай құжаттардың көшірмелері:

мемлекеттік немесе ведомствоаралық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер. 

Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы  «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Әр номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін келесі сомалар ақшалай сертификаттар беріледі:

1 орын – 1.000.000 ( бір миллион) теңге;

2 орын -  500.0000 ( бес жүз мың) теңге;

3 орын -  200.000 ( екі жүз мың) теңге;

          Конкурсқа меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.  

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің байланыс телефоны 22-0-12 , 21-2-70.

Көрсетілген қызметтік телефондары арқылы аталмыш конкурс жайлы толық ақпаратын ала аласыздар.  

 

# Сырдария ауданы

# Еңбек жолы конкурсы

# Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

                                                                                                                

               

Категория: Хабарландыру
Көргендер: 108

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты