Барлық мемлекеттік қызметкерлер назарына!

Жарияланды: 19 қаңтар, 2018 17:26

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңының 363-бабына және 364-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңына сай декларация табыс ету міндеттемесі жүктелген тұлғалар тұрғылықты жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей  жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларация (230.00 нысанды) табыс етуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы жолдауында электрондық есептілік режиміне көшу міндеті айқындалған.

Елбасының жолдауына сәйкес мемлекетіміздің электронды үкімет құру саясатын іске асыру мақсатында салық қызметтерін электронды түрде алуға қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК-нің ресми веб-порталында жұмыс жасайтын қосымша «Салық төлеушілер кабинеті» (кабинет налогоплательщика)-http://cabinet.salyk.kz сілтемесі  арқылы да кез-келген уақытта есептілікті тапсыруға болады.

Елбасының жолдауына  сәйкес мемлекетіміздің электронды үкімет құру саясатының талаптарын орындау мақсатында Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан салық төлеушілердің салық есептілігін электронды түрде тапсыру үлесін арттыруда үнемі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 274-бабына сәйкес Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы –  айыппұл салуға әкеп соғады.

Айта кету керек, бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша мәліметті мемлекеттік қызметшімен қатар, оның жұбайының да салық декларациясында көрсетілу қажет.

Сонымен, жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларацияны мерзімінен кешіктірмей, толық және дұрыс толтырылуын назарға алуды ескертеді.

Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Категория: Хабарландыру
Көргендер: 909

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2018

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ...

14 желтоқсан 2018

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ...

13 желтоқсан 2018

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды...

12 желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты