Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамасына сәйкес камералдық бақылау туралы

Жарияланды: 20 қыркүйек, 2019 12:09

 


Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу туралы Қағидасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы»  2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (әрі қарай-Заң)  сәйкес әзірленіп, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылауды жүргізу тәртібі айқындалған.

Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Камералдық бақылауды уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстырып тексеружолымен, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану нәтижелері бойынша Заңның 14-бабының3-тармақшасы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармақшасы негізінде Заңның 30-бабында және Қағидада белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ, тұрақты негізде жүргізеді.

Осыған орай,  Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша 2019 жылдың  1 қаңтарынан бастап 8 айында 48978 лоттар бойынша 321905659,3 мың теңгеге камералдық бақылау жасалынды.

Соның ішінде 860 лот бойынша 23686319,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталып хабарламалар жолданды.

Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

Аудит объектілерінің шығыс операцияларын тоқтату әрекеттерін қолдануға  жеткізбеу мақсатында, Қызылорда облысы бойынша  Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы  №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен белгіленген тәртіп сақталуы керек екендігіне Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілерінің назарын аударады. 

 

                                                                          Қызылорда    облысы    бойынша

                                                                    ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

                                                                    бас маманы, мемлекеттік аудитор

                                                                    Қамзаев Қайрат Шәдібекұлы 

 

Категория: Хабарландыру
Көргендер: 520

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты