2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

Жарияланды: 18 қараша, 2019 17:10

 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

 

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аумағы бойынша әлеуметтік қызметтер порталын енгізді. Бұл техникалық оңалту құралдарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын оларды проактивті формат арқылы тағайындаудың мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, портал қызметтер мен оңалту құралдарын алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауар мен қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың өтініштеріне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу механизмі көзделген. Ол порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлемдерді іске асыру функциясы қолжетімді болады деген сөз.

Мүгедектігі бар адамдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдарының (ТОҚ) 55 түрінің 24-іне (жейде киюге арналған құрылғы, колготки киюге арналған құрылғы, шұлық киюге арналған құрылғы, түйме тағуға арналған құрылғы, белсенді ұстағыш, ыдыс-аяқ ұстағыш, қақпақты ашуға арналған ұстағыш, кілтке арналған ұстағыш, сөз шығаратын тонометр, сөз шығаратын термометр, жолақшасы бар глюкометр, брайль қарпін өз бетімен үйренуге сөйлейтін құрал, брайль алмалы салмалы әліппе, ине сабақтағыштар, сіңіргіш жайма, катетер, паста герметик, қорғаныш крем, сіңіргіш ұнтақ опа, иісті бейтараптандырғыш, теріні тазартқыш, санитарлы құрылғысы бар кресло орындық, дәретханаға арналған ұстағыш, ваннаға арналған ұстағыш) портал арқылы тапсырыс бере алады. ТОҚ-ның қалған 31 түрі 2020 жылғы шілдеден кейін протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, кресло-арбалар, жеке көмекшілер, ымдау тілі мамандары және санаторий-курорттық емделудің қызметтері кезең-кезеңімен енгізіледі.

Порталды енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақтылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер туралы ақпаратты, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар аясында көзделген.

Әлеуметтік қызметтер порталын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдар өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құрады, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен мамандары ЭЦҚ алуға және оңалту жабдықтары мен қызметтерін таңдау құқығын жүзеге асыруға көмектеседі.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар және олардың филиалдары әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жеткізушілер бола алады.

 

 

 

Әлеуметтік қызметтер порталында мынадай талаптарға сәйкес келетін ұйымдар тіркеле алады:

1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;

2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтындар;

3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;

5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;

6) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу үшін бағаны ұсынатындар.

Осы талаптар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бұйрығымен бекітіледі.

2019 жылдың қараша айынан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Сырдария ауданы бөлімінен электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) алулары қажет. «Әлеуметтік қызметтер порталына» қосылу e.gov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

Категория: Хабарландыру
Көргендер: 955

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

06 желтоқсан 2019

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...

04 желтоқсан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...

04 желтоқсан 2019

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

04 желтоқсан 2019

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ...

04 желтоқсан 2019

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты